Accessibility links

Грекияда орман өрті құрбандарының саны артып барады


Афины маңындағы орман өртін сөндіру үшін келген өрт сөндіру көлігі. 23 шілде 2018 жыл, Грекия.
Афины маңындағы орман өртін сөндіру үшін келген өрт сөндіру көлігі. 23 шілде 2018 жыл, Грекия.

Грекия астанасы Афиныға жақын орманда тұтанған өрттен қаза тапқандар саны 79-ға жетті. Бұл туралы жергілікті құтқару қызметі хабарлап отыр. Шамамен 200 адам жарақат алған және жүзден астам адам із-түзсіз жоғалған. Елде үшкүндік қара күн жарияланған.

Елде соңғы он жылда осыншалықты ірі көлемде өрт болмаған. Бірнеше аймақта төтенше жағдай жарияланған. Билік өкілдері өртті сөндіру үшін жүздеген құтқарушы сонымен бірге әскерилерді де тартқан.

Өрт қатты желдің салдарынан тез тараған, бұл құтқару операциясын қиындатып жіберген. Орман өртінің басты себебі ретінде қатты ыстық ауа райы мен құрғақшылық айтылады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG