Accessibility links

Ауған-тәжік шекарасында ИМ қосылуды көздеген азаматтар ұсталды


Тәжік-ауған шекарасындағы тәжік сақшылары
Тәжік-ауған шекарасындағы тәжік сақшылары

Тәжік-ауған шекарасында Ауғанстанға өтпек болған төрт тәжік азаматы ұсталған. 17-18 жас аралығындағы азаматтар Ауғанстанға барып, “Ислам мемлекеті” экстремистік ұйымына қосылуды көздегенін мойындаған. Олар бұған дейін шекара жағдайын біліп қайту үшін бірнеше мәрте келгендерін де айтқан.

Оңтүстігінде Ауғанстанмен шекарасы 1400 шақырым жерге дейін созылатын Тәжікстан қарулы топтардың өздеріне жақын маңға шоғырлануына алаңдаулы.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мамыр айында "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының Сирия мен Иракта жеңіліске ұшырағаннан кейін, ондаған тәжік лаңкесінің Ауғанстандағы террористік ұйымға қосылғанын мәлімдеген.

Тәжікстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті бұған дейін Талибанның 7 мыңға жуық лаңкесі Ауғанстанның оңтүстігінен солтүстігіне қарай көшірілгені, қазір Балх, Кундуз, Тахор және Бадахшан провинцияларындағы 29 базада жаттығудан өтіп жатқаны айтқан. Бұлардың көбі Орталық Азия елдерінің азаматтары.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG