Accessibility links

Қырғызстан ІІМ: "Талибан" террористік ұйым мүшесі ұсталды


Қырғызстанның Баткен облысы
Қырғызстанның Баткен облысы

Қырғызстанның Баткен облысында Ауғанстандағы лаңкестер лагеріне бармақ болған Өзбекстан азаматы ұсталған. Ол әрі қарай Сириядағы қақтығыстарға баруды көздеген. Бұл туралы Қырғызстанның ішкі істер министрлігі хабарлады.

Министрліктің айтуынша, ұсталған азамат "Талибан" террористік ұйымының мүшесі. Ол Өзбекстан – Қырғызстан – Тәжікстан бағыты бойынша жылжып келген.

Тексеру кезінде одан электронды ақпарат тасымалдағыштар, араб тілінде әдебиет, жылы киімдер, қалта шам, азық-түлік және өзге де заттар табылған.

Осы апта басынан бері Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Сириядан келіп, елде теракт жасауды көздеген екі Қырғызстан азаматының ұсталғанын хабарлады. Арнайы қызмет орындарының дерегінше, олар Сириядағы үкімет күштеріне қарсы соғысқа қатысқан.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG