Accessibility links

Пекиндегі АҚШ елшілігі маңында жарылыс болды


Пекиндегі АҚШ елшілігі ғимаратының маңында тұрған полицейлер. 26 шілде 2018 жыл, Қытай
Пекиндегі АҚШ елшілігі ғимаратының маңында тұрған полицейлер. 26 шілде 2018 жыл, Қытай

Пекиндегі АҚШ елшілігі маңында жарылғыш зат іске қосылып, бір адам жараланған. АҚШ елшілігі құрылғыны "бомба" деп сипаттаса, полиция шағын “от шашу құрылғысы” деп атайды.

Елшіліктің хабарлауынша, жарылыс елшілік ғимаратының оңтүстік-шығыс бұрышындағы қоғамдық орында болған. Полиция 26 жастағы күдіктінің қолын жарақаттап алғанын хабарлады. Ол Қытайдың ішкі Моңғолия ауданынан келген.

Бұған дейін Associated Press агенттігі Қытайдың ресми ақпарат құралдарының сілтеме жасап, елшілік ғимараты маңында жарылыс болды деген ақпарат таратқан еді.

Агенттіктің ақпаратынша, полиция өзіне бензин құйған бір әйелді ұстаған. Бірақ бұл оқиға "жарылыстан" кейін бірнеше сағаттан кейін болған. Бұл екі оқиғаның бір-біріне қатысы бар ма, жоқ па, белгісіз.

Әлеуметтік желілерде жарияланған суреттерден Пекиннің солтүстік-шығысындағы ірі ғимаратты полицияның қоршап алғаны көрінеді. Кейбір куәлар оқиға орнынан будақтаған түтін де көрінгенін жазады.

Қазір елшілік маңында азаматтар қайта құжатқа кезекке тұр бастаған. Жол қозғалысы қалпына келген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG