Accessibility links

Петропавл вокзалы жергілікті уақытқа ауысады


Сырты жөндеуден өтіп жатқан Петропавлдағы темір жол вокзалы. 26 шілде 2018 жыл
Сырты жөндеуден өтіп жатқан Петропавлдағы темір жол вокзалы. 26 шілде 2018 жыл

Тамыз айынан бастап Петропавл темір жол вокзалы Мәскеу уақытынан жергілікті уақытқа ауысады.

Бұл жайында "Ресей темір жолдары" компаниясының өкілдері хабарлады. "Тамыз айының 1-нен бастап темір жол вокзалы түгелімен жергілікті уақытқа көшеді. Барлық бағыттағы билеттерде жергілікті уақыт қана белгіленетін болады" дейді компания өкілдері.

- 2017 жылы қазан айында "Ресей темір жолдары" ашық акционерлік қоғамында жиын өтіп, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін 2018 жылы жергілікті уақытқа ауысу туралы шешім қабылданды. 2018 жылдың 1 тамызынан бастап алыс жаққа, қала мыңына жол жүру билеттерінде жөнелту және келу уақыты тек жергілікті уақытпен көрсетіледі. Мұның барлығы жолаушылардың жайлылығы үшін, олардың пойыздарға кешігіп қалмау үшін жасалып жатыр,- деді билет кассаларының меңгерушісі Ольга Жепко

Мамандардың айтуынша, барлық кестелер, көрсеткіш тақталар мен жүгіртпе жолдарды жергілікті уақытқа ауыстыру жұмыстары тамыздың 1-не дейін аяқталады.

Петропавл темір жол вокзалы толықтай жергілікті уақытқа ауысатынын естіген тұрғындардың ойы екіге бөлінді. Жаңа өзгерісті қолдамайтын кейбір тұрғындар транзит жолаушылары көп болатындықтан жергілікті уақытқа көшу қолайсыз екенін айтады. Ал тұрғындардың бірі "осы жерде тұрғаннан кейін жергілікті уақыт болған дұрыс - адамдар шатыспайды. Үш сағат анда, үш сағат мында деп болжап отырмайсың" деп өзгерістің қолайлы болатынын айтады.

Компания өкілдерінің айтуынша, Петропавл темір жол вокзалы күніне шамамен 2000-ға жақын адам қабылдайды. Петропавл темір жол вокзалы «Ресей темір жолдары» ААҚ Оңтүстік-Орал темір жолы құрамына кіреді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG