Accessibility links

Солтүстік Корея американдық солдаттардың сүйектерін қайтарды


Американдық солдаттардың сүйектерін қайтару рәсімі. Оңтүстік Корея, 27 шілде 2018 жыл
Американдық солдаттардың сүйектерін қайтару рәсімі. Оңтүстік Корея, 27 шілде 2018 жыл

Солтүстік Корея Корея соғысы кезінде өлген американдық солдаттардың сүйектерін АҚШ-қа берді. Оларды Оңтүстік Кореядағы Осан авиабазасына ұшақпен жеткізген.

Арнайы репатриация рәсімі тамыздың 1-і күні өтеді.

Өлген солдаттардың сүйектерін іздеу және беру туралы келісімге Солтүстік Корея мен АҚШ басшыларының маусым айындағы алғашқы кездесуі барысында қол қойылған.

Ақ үйдің дерегінше, Солтүстік Кореяда 5,3 мың американдық жауынгердің сүйегі қалған.

Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея арасындағы соғыс 1950 жылдың 25 маусымы мен 1953 жылдың 27 шілде аралығында болды. Солтүстік Корея жағында Совет одағы мен Қытай соғысса, Оңтүстік Корея жағына АҚШ пен 21 елдің әскерилерінен құралған БҰҰ коалициясы болысты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG