Accessibility links

Қазақстандықтар Айдың толық тұтылғанын көрді


Айдың толық тұтылған сәтін Астанадан бақылаған Азаттық тілшісі түсірген сурет.
Айдың толық тұтылған сәтін Астанадан бақылаған Азаттық тілшісі түсірген сурет.

Шілденің 28-іне қараған түні Жердің табиғи серігі – Айдың толық тұтылуы Қазақстанның басым бөлігінде көрінді. Ай биылғы жылы осымен екінші рет тұтылып отыр.

Мамандар бұл Айдың жаңа ғасырдағы ең ұзақ тұтылуы дейді. Төрт сағатқа жуық созылған астрономиялық құбылыс кезінде Ай Жерден ең ұзақ қашықтыққа алыстап, Жердің көлеңкесінен өтті. Жер атмосферасында сынған Күн сәулесіне шағылысқан толық Ай қызғылт болып көрінді.

Айдың толық тұтылуын Африка, Еуропа, Таяу Шығыс, Орталық Азия мен Аустралия тұрғындары тамашалады. Табиғаттың сирек құбылысын бақылағандар әлеуметтік желілерде сурет және видеолармен бөлісті.

Сонымен бірге, бүгін Марс та Жерге жақындап, оның бетіндегі құбылыстарды қарапайым телескоппен тамашалауға мүмкіндік туды. Марс шілденің 31-і күні Жерге барынша жақын өтеді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG