Accessibility links

Путин Донбастағы референдум жайлы сұраққа жауап бермеді


Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин Оңтүстік Африка республикасында өткен БРИКС саммитінің қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында Донбаста рефендум өткізу жайлы өз идеясына қатысты комментарий беруді қаламады.

Журналистердің "Донбаста референдум өткізу туралы ұсынысты Трамп қалай қабылдады?" деген сауалына Путин: "Әзірге комменарий бермей-ақ қояйын" деп жауап қатты.

Ол тек бұл "қосымша нақтылауды қажет ететін өте нәзік тақырып" екенін айтқан.


Бұған дейін Bloomberg агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасап, Ресей президенті Владимир Путиннің шілденің 16-сы күні Хельсинкиде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен кезде оған Украинаның шығысында өзін өзі жариялап алған "Донецк халық республикасы" мен "Луганск халық республикасы" аумағында референдум өткізу жайлы ұсыныс айтқаны туралы хабарлаған. Агенттік дереккөздерінің айтуынша, Трамп болса "ойланатынын" айтып, Путиннен әзірше бұл туралы көпшілікке жария етпеуін сұраған.

Кейін тараған тағы бір ақпаратта Путиннің бастамасы "Қырым сценарийін" қайталамайтыны – әңгіме Украина құрамындағы Донбасс автономиясы және аймақтың саяси құқықтары жайлы екені айтылған.

Украинаның шығысындағы жанжалды реттеу жөніндегі Минск келісімдерінде қандай да бір референдум өткізу туралы қарастырылмаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG