Accessibility links

Ордабасы ауданы әкімінің "пара алу" күдігімен ұсталғаны хабарланды


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан аймағы бойынша ауданаралық басқармасы ғимараты. (Көрнекі сурет.)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан аймағы бойынша ауданаралық басқармасы ғимараты. (Көрнекі сурет.)

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімінің ұсталуына қатысты ақпарат таратты деп хабарлайды жергілікті басылымдар.

"Ол әкімдік ауласын көгалдандыру жұмыстарын атқарғаны үшін мердігер ұйымның есебіне қаржыны кедергісіз және уақытылы аударып отыру үшін ұйым жетекшісінен 200 мың теңге пара алған деген күдікпен ұсталды", - делінген ұлттық бюро хабарламасында.

Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатқаны хабарланды.


Шілденің 25-і күні іс-қимыл ұлттық бюросы Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімінің ұсталғаны туралы ақпаратты растағанымен, оның себебін айтудан бас тартқан болатын.

Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, Ордабасы ауданы әкімі қызметін 2017 жылғы тамыз айынан осы уақытқа дейін Рашид Қайыпжанов атқарған. Оның мүддесін қорғайтындардан ұлттық бюро таратқан ақпаратқа қатысты түсініктеме алу мүмкін болмады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG