Accessibility links

Жазушы Владимир Войнович дүниеден өтті


Жазушы Владимир Войнович.
Жазушы Владимир Войнович.

Шілденің 27-і күні 86 жасында жазушы Владимир Войнович жүрек талмасынан қайтыс болды.

Владимир Войнович 1932 жылы қыркүйектің 26-сы күні Сталинабад (қазіргі Душанбе) қаласында дүниеге келген. 1961 жылы оның "Мы здесь живем" атты повесі жарияланған, оның сөзіне жазылған "Четырнадцать минут до старта" әні совет ғарышкерлерінің гимніне айналған. 1962 жылы Владимир Войнович СССР жазушылар одағы мүшесі болып қабылданған.

Оның 1963 жылдан бастап жаза бастаған "Жизнь и необычайные приключения солдата Ивана Чонкина" трилогия-романы әуелгіде қолжазба басылым (самиздат) арқылы тараған. Кітаптың алғашқы бөлігі 1969 жылы Майндағы Франкфурт қаласында, ал толық нұсқасы 1975 жылы Парижде жарық көрген.


Өткен ғасырдың 60-жылдары Владимир Войнович адам құқықтары үшін қозғалысқа белсене қатысып, биліктің қырына ілінген. 1974 жылы оны жазушылар одағы құрамынан шығарған, 1980 жылы СССР-ден қуып, тағы бір жылдан соң совет азаматтығынан айырған. 1980-1992 жылдар аралығында Войнович Германия федеративтік республикасы мен АҚШ-та тұрған. Сол кезде ол Азаттықтың Орыс қызметімен (Радио Свобода) әріптестік орнатқан. 1990 жылы Войновичке совет азаматтығын қайтарып берген соң ол СССР-ге оралған.

Владимир Войнович "Москва 2042" антиутопиясы, "Путем взаимной переписки", "Шапка", "Иванькиада" және "Монументальная пропаганда" сынды танымал шығармалардың авторы. "Жизнь и необычайные приключения солдата Ивана Чонкина" романы бойынша екі мәрте фильм түсірілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG