Accessibility links

Ярославль түрмесіндегі азаптауға күдікті тағы бір адам ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейдің Ярославль қаласында жергілікті колониядағы азаптау туралы іс бойынша сегізінші күдікті ұсталған. Бұл жолы колонияда қауіпсіздік бөлімінің инспекторы болып істеген Руслан Цветков ұсталған. Бүгін сот оған бұлтартпау шарасын тағайындауы тиіс деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Бұған дейін Ярославльдегі №1 колонияның алты қызметкері азаптау туралы іске қатысты күдікпен тұтқындалып, тергеу абақтысына қамалған. Және бір күдікті – колония бастығының орынбасары Иван Калашниковты үйқамаққа алынған.

Ресейлік "Новая газета" басылымы жариялаған Ярославль қаласындағы №1 түзеу колониясында тұтқынды ұрып-соққаны көрсетілген видео қоғамда резонанс туғызған. Видеода колония қызметкерлерінің тұтқынды шешіндіріп, тоқпақпен ұрып, үстіне су құйғаны бейнеленген. Бұл оқиға бір жыл бұрын болған, бірақ ол кезде осы видеоны зерттеген тергеуші қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG