Accessibility links

Манафорт ісі бойынша сотқа 35 куәгер шақыртылады


Пол Манафорт.
Пол Манафорт.

АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауалды штабының бұрынғы басшысы Пол Манафорттың ісі бойынша сотқа 35 куәгер шақыртылады. Олардың аты-жөнін Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына ықтимал килігуі ісі бойынша тергеу жүргізіп жатқан арнайы прокурор Роберт Мюллер атаған. Тізімде Манафорттың бірге бизнес жүргізген серігі Ричард Гейтс, Манафортпен бірге Украинада жұмыс істеген консультант Тэд Дивайнның аты-жөні бар.

Бұған дейін арнайы прокурор Мюллер Манафортқа тіркелмеген шетел агенті ретінде Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің мүддесіне жұмыс істеген, сонымен бірге шетелдік шоттарды пайдаланып заңсыз қаржы операцияларын жасаған деген айыптар таққан. Бұған қоса Пол Манафорт өзіне қатысты істегі куәгерлерге қысым жасауға тырысқаны үшін маусым айында сот оны іс бойынша процесі басталғанға дейін түрмеге қамауға шешім шығарған.

Бұған дейін АҚШ арнайы пркуроры сотқа ұсынатын 500 дәлелдің тізімін жариялаған.

Пол Манафорт өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады. Оның ісі бойынша сот шілденің 31-іне белгіленген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG