Accessibility links

Педофилия айыбы тағылған кардинал отставкаға кетті


Кардинал Теодор Маккаррик. 2013 жылы түсірілген сурет.
Кардинал Теодор Маккаррик. 2013 жылы түсірілген сурет.

Рим папасы Франциск кәмелетке толмаған балаға жыныстық зорлық әрекетін жасаған деген айып тағылған бұрынғы Вашингтон архиепископы кардинал Теодор Маккарриктің отставкасын қабылдады. АҚШ-тағы рим-католик шіркеуінің ең танымал өкілдерінің бірі 88 жастағы Маккаррикті бұған дейін де ол епископ қызметін атқарған кезде жас священниктерге қатысты жыныстық сипаттағы қылықтар көрсеткен деп айыптаған.

Маккаррик ондай іс-әрекет жасағаны есінде жоқ екенін айтқан.

Соңғы жүз жылдан астам уақыт ішінде Ватикан кардиналдар алқасының мүшесі алғаш рет өз еркімен отставкаға кетіп отыр. Маккаррикке бұдан былай шіркеу жорасын атқаруына тыйым салынған.

Рим папасы Францисктің талабы бойынша, Маккаррик бұдан былай уақытын оңашада құдайға жалбарынып, жасаған күнәсіне өкініш білдіріп, құлшылық етуге арнауы тиіс. Ватикан бұрынғы епископқа тағылған айыптар бойынша оның іс-әрекеттеріне тергеу жүргізбек.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG