Accessibility links

Мәскеуде "мемлекетке опасыздық" айыбымен тағы бір ғалым қамалған


Көрнекі сурет.

Ресей астанасындағы "Лефортово" тергеу абақтысында Новочеркасск қаласында тұратын ғалым Алексей Темиревтің қамауда отырғаны туралы Мәскеудің қоғамдық бақылау комиссиясының мүшесі Евгений Еникеев блогында жазды деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

Көптеген өнертабыс патенттерінің иегері Алексей Темиревтің қазір ауыр сырқатқа душар болғаны, денсаулық жағдайы қатты нашар екені айтылады. 64 жастағы Темирев "Мехатроника" инновациялық шағын кәсіпорнына жетекшілік етеді. Құқық қорғаушы Еникеевтің жазуынша, адвокаты өнертапқыш Алексей Темиревтің сот шешімі бойынша шілденің 19-ында тұтқындалғанын, оған 20 жылға дейінгі мерзімге түрме жазасы қарастырылған бап бойынша айып тағылғанын айтқан.

"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі өзіне қарасты кәсіпорындарда Алексей Темирев есімді адам істемейтіні туралы "Интерфакс" агенттігіне мәлімдеген.


Маусымның 19-ы күні Мәскеу және Королев қалаларында "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы құрамына кіретін ЦНИИмаш кәсіпорны аумағында "мемлекетке опасыздық" бабы бойынша қозғалған іс аясында тінту жүргізілген. Тергеу орындары техника ғылымдарының кандидаты Дмитрий Кудрявцевті, сонымен бірге аты-жөні аталмаған тағы бір адамды тұтқындаған. "Роскосмос" баспасөз қызметі бұл 2013 жылғы оқиғаларға қатысты іс деп мәлімдеген. Ресейлік "Коммерсантъ" басылымы дереккөздерінің айтуынша, күдіктілерге құпия гипердыбыстық технологияларды НАТО елдерінің біріне берген деген айып тағылған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG