Accessibility links

Белградта Милошевичтің адвокатын атып кетті


Драгослав Миша Огнянович.
Драгослав Миша Огнянович.

Белградта сенбі күні кешкісін адвокат Драгослав Миша Огняновичті атып өлтірді. Адвокат Жаңа Белградтағы үйіне кіре бергенде оққа ұшқан. Жергілікті басылымының хабарлауынша, Огняновичке жасалған қастандық кезінде оның 26 жастағы ұлы оң қолынан жараланған.

Драгослав Миша Огнянович Гаагадағы халықаралық трибунал процесі кезінде бұрынғы Югославияның президенті Слободан Милошевичті қорғаған адвокаттар тобында жұмыс істеген. Сербиялық басылымдардың жазуынша, адвокат Сербия мен Черногорияда ауыр қылмыс жасаған көптеген адамдарды қорғаған. Соңғы жылдары Огнянович қылмыс әлеміне белгілі Лука Бойовичтің мүддесін қорғаған.


"Блиц" басылымының хабарлауынша, соңғы бірнеше айдың көлемінде Белградта Бойовичтің бірнеше досы қастандықпен өлтірілген. Басылым дерегі бойынша, бұл оқиғалар заңсыз есірткі айналымына қатысы бар қылмыстық топтардың іс-әрекетімен байланысты болуы ықтимал.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG