Accessibility links

Жаңа Орлеанда атыстан үш адам оққа ұшып, бірнешеуі жараланды


АҚШ полицейлері (Көрнекі сурет).
АҚШ полицейлері (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында сауда орталығы маңында қарулы екі адамның шабуылынан үш адам қаза тапты, жеті адам жараланды. Жергілікті полиция басшысы Майкл Харрисонның хабарлауынша, 29 шілде күні кешке Клэйборн даңғылының бойында қарулы екі адам жиналып тұрған топ адамға оқ атқан.

Харрисонның журналистерге айтуынша, шабуыл жасаған екі адамның бірінде мерген мылтығы, екіншісінде тапанша болған.

Полиция оқиға орнында қаза тапқан үш адамның екеуі - ер адам, біреуі - әйел екенін айтады. Жараланған бес ер адам мен екі әйел ауруханаға жеткізілген.

Харрисонның сөзінше, жаралылардың бірінің халі ауыр. Полиция басшысы тұрғындарды шабуыл жасаушыларды табуға көмектесуге шақырды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG