Accessibility links

Трамп шекарада қабырға тұрғызуға қатысты демократтарға ескерту жасады


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-де егер Конгресстегі демократтар өзінің иммиграциялық саясатын қолдамаса үкімет жұмысын тоқтатып тастауы мүмкін екенін мәлімдеді.

"Егер демократтар шекараны қорғауды, әсіресе Мексикамен шекарада қабырға тұрғызуды қолдап дауыс бермесе, үкіметтің жұмысын "бұғаттап" тастауға дайынмын. Біз лотерея ойнатудан, мигранттарды ұстап, қайта жіберу тәжірибесінен арылып, ізгілікке құрылған иммиграциялық жүйеге өтуіміз керек. Елімізге көрнекті адамдар келгені керек" деп жазды Трамп.

АҚШ президенті егер келесі жылдың бюджетіне қол қоймаса, онда үкіметтің жұмысы тоқтап қалуы мүмкін. Президенттің қолы болмаса үкімет бюджет шығындарына қаржы бөле алмай, үкімет аппаратының жұмысы тоқтайды. Бұл процесс қазан айында болуы ықтимал.

Дональд Трамп президент сайлауы алдында елге заңсыз мигранттардың келуін тоқтату үшін Мексикамен шекараға қабырға тұрғызуға уәде берген. Бірақ конгресс оған әлі ақша бөлмеген.

Биыл қаңтарда демократтар мен республикашылдар иммиграциялық саясатқа келісе алмай, үкімет жұмысы уақытша тоқтап қалған. Ол кезде де Дональд Трамп бұған Демократиялық партияны кінәлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG