Accessibility links

Казкоммерцбанк "Халық банкке" толық қосылды


Қазкоммерцбанк пен Халық банк біріккеннен кейін кезек күтіп тұрған клиенттер. Алматы. 30 шілде 2008 жыл

Казкоммерцбанкті "Халық банкке" қосу процесі толық аяқталды деп хабарлады біріккен банктің баспасөз қызметі.

"Қазақстан Халық банкі" мен Казкоммерцбанк 2018 жылдың 28 шілдесінде 27 шілде күнгі жағдай бойынша табыстама актісіне қол қойылғанын хабарлайды" делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.

Тапсыру актісі арқылы Казкоммерцбанк барлық мүлкі, құқықтары мен міндеттемелерін екі банктің ерікті түрде бірігуі аясында "Халық банкіне" заңды түрде өткізіп беріп отыр.

"Халық банк" пен Казкоммерцбанктің біртұтас технологиялық платформаға өтуі кестеге сай аяқталды. "Халық банк" пен Қазақстанның тұтас қаржы секторы тарихындағы жаңа кезең басталып келеді" деді "Қазақстан Халық банкі" акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.


Казкоммерцбанк пен "Халық банк" клиенттеріне енді "Халық банктің" кез келген филиалы мен бөлімшесінде қызмет көрсетіледі.

Бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі коммерциялық үш банктің лицензиясын қайтарып алып, басқа екі ірі банкті қосымша капиталдандыру шараларын жасаған. "Біз олардың барлық несиесін жойдық. Олар жүйеден шығарылды. Олар қайтарылмайтын, статистикада тіркеліп тұратын нашар несиелер болған", - деген Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев 16 шілдеде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде. Ақышевтің мәліметінше, мұндай несиелер сомасы бір жарым триллион теңгеге жетеді.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Ескі әнұран есіңізде ме?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:02 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG