Accessibility links

Комиссия MH370 ұшағының жоғалу себебін анықтай алмаған


Үнді мұхиты аспанында жоғалған MH370 жолаушылар рейсі ұшағына арнап құмнан соғылған ескеткіш. (Көрнекі сурет).
Үнді мұхиты аспанында жоғалған MH370 жолаушылар рейсі ұшағына арнап құмнан соғылған ескеткіш. (Көрнекі сурет).

Төрт жылдан астам уақыт бұрын із-түссіз жоғалып кеткен малайзиялық MH370 ұшағына қатысты тексеру жүргізген комиссия 30 шілдеде жұмыстарының қорытындысын жариялады.

19 адамнан құралған комиссия ұшақтың қалай жоғалғанын анықтай алмаған. Бірақ сарапшылардың сөзінше, ұшақты әлдекім қасақана өз бағытынан қасақана бұрып жіберуі мүмкін.

Комиссия "ұшақ апатына үшінші тараптың қатысы бар болуы мүмкін" деп санайды.

Ұшақ апаты туралы зерттеу. Малайзия, 30 шілде 2018 жыл.
Ұшақ апаты туралы зерттеу. Малайзия, 30 шілде 2018 жыл.

Зерттеу тобын басқарған Кок Су Чонның айтуынша, егер қандай да бір ұшақ қалдықтары табылса ғана апат себептерін анықтауға болады.

Комиссия мәлімдеме жасаған күні ұшақ жолаушыларының туысқандары комиссияның мәлімдемесіне қарсылық танытты.

Бортында 227 жолаушысы мен 12 экипаж мүшесі болған Malaysia Airlines ұлттық компаниясының Boeing 777 ұшағы 2014 жылы наурыздың 8-і күні MH370 рейсімен Куала-Лумпурден Пекинге ұшып шыққан соң көп ұзамай ізім-ғайым жоғалып кеткен еді. Малайзия билігі ұшақта болған адамдардың бәрі қаза тапты деген қорытынды шығарған. Бұл оқиға әлемдік авиация тарихында ең үлкен жұмбақтардың бірі болып қалды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG