Accessibility links

Қырғызстанда қазақстандық турист мерт болды


Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ғимараты
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ғимараты

Қырғызстанда Скрябин мұздығында тас құлап, бір қазақстандық турист мерт болды. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Оқиғадан тағы үш қазақстандық зардап шеккен, біреуінің жағдайы ауыр. Сыртқы істер министрлігі оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатқанын мәлімдеді. Қазақстан зардап шеккен туристерді елге әкелу үшін арнайы тікұшақ жібермек.

30 шілдеде Бішкектен 40 шақырым Скрябин мұздығында жүрген туристерге тас құлап, бірнеше елдің туристері зардап шеккені хабарланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG