Accessibility links

Трамп: Ресейге қарсы санкциялар сақталады


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп 30 шілде күні Ақ үйде Италия премьер-министрі Джузеппе Контені қабылдады. Трамп Контені "Керемет жұмыс істейтін кісі", – деп мақтады.

Бұның алдында Ақ үй келіссөзде әлемдегі жанжалдарды реттеу және экономиканы дамыту мәселелері талқыланатынын хабарлаған.

Контемен әңгімелескен Трамп Италияның иммиграция мәселесіне қатысты ұстанымын жоғары бағалады. Президент Италия премьеріне бұл мәселедегі қатаң саясатын дұрыс деп есептейтінін мәлімдеді.

Сыртқы саясат мәселесін талқылаған уақытта Трамп Ресейге қатысты санкциялар қазіргі түрде сақталып қалатынын айтты. Бұған қоса ол Солтүстік Корея басшысы ​Ким Чен Ынмен болған кездесудің маңыздылығына тоқталып, Иран президенті Хассан Роуханимен алдын ала ешқандай шарт қоймай кездесуге әзір екенін мәлімдеді.

Джузеппе Конте биыл 4 наурызда өткен парламент сайлауынан соң Италия премьер-министрі болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG