Accessibility links

ИМ Тәжікстандағы туристерге шабуылды мойнына алды


Көлік қаққан шетелдік саяхатшылар. Азаттықтың Тәжік қызметінің оқырманы жіберген сурет.

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы Тәжікстанның оңтүстігінде бір топ шетелдік туриске жасалған шабуылды мойнына алды. Ұйым мәлімдемесі осы топқа жақын Amaq ақпараттық сайтында 30 шілде күні жарияланды. Мәлімдемеде шабуылды "Ислам мемлекетінің" сарбаздары коалиция елдерінің азаматтарын нысанаға алу туралы үндеуге жауап ретінде жасағаны" айтылады. Бірақ шабуылдың қалай жасалғаны баяндалмаған. ИМ мәлімдемесі SITE барлау тобының сайтында да жарық көрді.

Шілденің 29-ы күні Тәжікстанның Хатлон облысы Даңғара ауданы Себистан ауылдық кеңесінің Ёксу ауылы аумағында белгісіз біреулер велосипедпен саяхаттап жүрген шетелдік туристер тобын көлікпен қағып шабуыл жасап, оқиға орнынан қашып кеткен. Душанбедегі дипломатиялық өкілдіктер растаған ақпарат бойынша, оқиға салдарынан АҚШ-тың екі азаматы, 56 жастағы голландиялық және Швейцарияның бір азаматы қаза тапты. Тағы бірнеше шетелдік жараланып, ауруханаға жеткізілді.

Тәжікстанда бұған дейін шетелдіктерге террорлық шабуыл жасалмаған. Кеше Тәжікстан ішкі істер министрі Рамазон Рахимзода үкімет оқиғаны тергейтін топ құрғанын хабарлаған. Оның сөзінше, көліктегі адамдар туристерді қаққан соң көліктен шығып, оларға оқ атып, пышақ салған. Тәжікстан билігі оқиғаны теракт болуы мүмкін деп қарастыра бастаған.


Ресми мәліметке қарағанда, жедел іздестіру шарасы кезінде Даңғара ауданының Төрбұлақ ауылы аумағынан Daewoo Leganza маркалы көлік табылып, оның иесі делінген Джаъфариддин Юсупов ұсталған.

Кеше Тәжікстан ішкі істер министрлігі қылмысқа күдікті бес адамның "көзі жойылып", біреуі ұсталғанын хабарлаған. "Олар ұстау кезінде қарулы қарсылық көрсетті" делінген министрлік хабаламасында.

2018 жыл Тәжікстанда туризм жылы деп жарияланған еді. Ресми деректер бойынша, биылғы бес айда Тәжікстанға 900 мыңнан астам шетелдік келген. Бұл - өткен жылғы осы уақыттағы көрсеткіштен төрт есе көп.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 18.03.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:28 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG