Accessibility links

БАҚ: Солтүстік Корея жаңа зымырандар жасап жатыр


Солтүстік Коеря басшысы Ким Чен Ын зымыран сынағын бақылап отыр.
Солтүстік Коеря басшысы Ким Чен Ын зымыран сынағын бақылап отыр.

Барлау деректері, оның ішінде ғарыштан түсірілген суреттер Солтүстік Кореяның Пхеньян түбіндегі зауытта жаңа бір, тіпті екі құрлықаралық баллистикалық зымыран жасап жатқанын көрсетеді деп хабарлады арнайы қызметтегі дереккөздеріне сілтеме жасаған Washington Post басылымы. Барлау мәліметтері бойынша, сұйық отынмен ұшатын зымырандардың әскери-техникалық әлеуеті қатты отынмен ұшатын зымырандардың қуатынан әлдеқайда төмен.

Дегенмен, бұл ақпарат расталса, онда ол АҚШ президенті Дональд Трамптың Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесуден соң "Пхеньян енді АҚШ-қа ядролық қауіп төндірмейтін болды" деген мәлімдемесін терістеуі мүмкін.

Бұған дейін АҚШ сенатында сөйлеген мемлекеттік хатшы Майк Помпео Солтүстік Корея зауыттарында бөлшектенетін қару-жарақ материалдары әлі жасалатынын мойындаған.

Өткен аптада АҚШ президенті Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тарту саясаты аясында баллистикалық зымыран сынайтын полигондарының бірін бұзып жатқанына назар аудартқан еді. CNN телеарнасы сол кезде Солтүстік Корея бұл саясатын Вашингтонның бейбіт келісімге қол қою туралы бейбіт шешімімен байланыстырғысы келетінін хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG