Accessibility links

Башқұртстанда "Хизб ут-Тахрир" мүшесі делінген 21 адам сотталды


Башқұртстандағы сот ғимараты (Көрнекі сурет).
Башқұртстандағы сот ғимараты (Көрнекі сурет).

Ресейдің Башқұртстан республикасының соты исламшыл топтың мүшесі делінген 21 тұрғынды соттады.

Сотталушылардың туыстары Азаттықтың Татар-Башқұрт қызметіне сот 30 шілде күні 21 адамға "Хизб ут-Тахрир" діни ұйымының мүшесі болды деген айыппен бес жылдан 24 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім кескенін хабарлады.

Сотталушылардың кейбірі сонымен қатар "билікті басып алмақ болды" деп айыпталған.

2003 жылы Ресей Жоғарғы соты "Хизб ут-Тахрир" исламшыл партиясын террорлық ұйым деп тану туралы шешім шығарған. "Хизб ут-Тахрир" өкілдері әлемдегі барлық мұсылмандарды біріктіріп, ислам халифатын құруды мұрат етеді. Олар мақсатына жету үшін террорлық іс-әрекеттерге баруды құптамайды және Ресейде өздеріне қарсы әділетсіз қуғын-сүргін жүріп жатыр деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG