Accessibility links

Мексикада жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Мексикада Aeromexico әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бортында 97 жолаушы және экипаждың төрт мүшесі болған Embraer 190 ұшағы Дуранго–Мехико бағыты бойынша ұшып келе жатқанда құлады.

Ресми мәлімет бойынша, әуе апатынан 85 адам жараланды, ешкім қаза тапқан жоқ.

Ұшақ Дуранго қаласының әуежайынан ұшып шыққаннан бес минуттан соң, жергілікті уақытпен сағат 16.00-де құлаған.

Апаттан соң билік ұшақтағылардың барлығы аман екендігін хабарлады.

"Aeromexico 2431 рейсіндегі жолаушылардың барлығы аман екенін растаймын", – деп жазды Дюранго штатының губернаторы Хосе Айспиро Twitter-дегі парақшасында. Ол қазір билік зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатқанын да хабарлады.

Ұшақ апатының себебі әзірге белгісіз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG