Accessibility links

Ауғанстанда ИМ-нің жүздеген содыры қауіпсіздік күштеріне берілді


Джаузджан уәлаятында Ауғанстан қауіпсіздік күштеріне берілді деген "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырлары. Ауғанстан, 1 тамыз 2018 жыл.
Джаузджан уәлаятында Ауғанстан қауіпсіздік күштеріне берілді деген "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырлары. Ауғанстан, 1 тамыз 2018 жыл.

Ауғанстанда "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының ондаған содыры елдің солтүстігіндегі Джаузджан уәлаятында ұйым мен "Талибан" қозғалысы арасында қақтығыс ушыққан тұста ауған қауіпсіздік күштеріне беріліп жатыр деп хабарлады шенеуніктер.

Уәлаят полициясының басшысы Факер Мохаммад Джаужани 1 тамыз күні Азаттықтың Ауған редакциясына Дарзаб ауданында 31 шілдеден бері кем дегенде 200 содыр қауіпсіздік күштеріне берілгенін хабарлады.

Джаужани Ауғанстанның солтүстігіндегі ИМ-нің негізгі бекінген жері қазір "Талибан" бақылауына өткенін айтты.

"ДАИШ (ИМ-нің араб тіліндегі атауының қысқартылған нұсқасы - ред.) қорқынышы толығымен жойылды және Джаузджан уәлаятындағы халық оның зұлымдығынан құтылды" деді "Талибан" ресми өкілі Забиулла Муджахид мәлімдемесінде.

ИМ бұл ақпаратқа қатысты әзірге комментарий берген жоқ.


Дарзаб ауданы полициясының басшысы Мохаммад Исмаил ИМ-нің ондаған содыры ауған қауіпсіздік күштеріне беріліп жатқанын растады.

Басқа бір шенеунік қауіпсіздік күштеріне берілгендер арасында Ауғанстанның солтүстігіндегі ИМ командирлерінің бірі, Маулави Хабибуррахман деп аталған содыр барын айтады.

Джаузджан уәлаяты полициясы басшысының орынбасары Абдул Хафиз Хаши 31 шілдеде екі топ арасында басталған қақтығыс әлі жүріп жатқанын хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG