Қазақстан қор биржасында (KASE) 2 тамыз күні таңертеңгі саудада доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қымбаттап, 349 теңге 44 тиынға жетті. Кеше таңертеңгі сессияда доллар 348 теңге 38 тиын болған.
KASE мәліметінше, доллар бағамы соңғы бір айда 6 теңге 44 тиынға көтерілген. Бүгін таертеңгі сессияда 68,3 миллион доллар сатылған.
Алматы мен Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 349 теңге 60 тиын мен 350 теңге 80 тиын аралығындағы бағаға сатылып жатыр.
16 шілдеде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевпен кездесуде "Белгілі бір деңгейде ауытқулардың болатынына үйрену керек. Бұл тұрғындардың әл-ауқатына әсер етпейді" деп айтқан еді.
Наурыз айында Қазақстанда бір доллардың құны 318 теңге болған.
ПІКІРЛЕР