Accessibility links

Журналист Уланбек Егізбаев қазасын тергеу мерзімі ұзарды


Уланбек Егізбаев.
Уланбек Егізбаев.

Азаттықтың Қырғыз редакциясының журналисі Уланбек Егізбаевтың қазасын тергеу мерзімі бір айға ұзартылды. Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің тергеушісі Суйунбек Мұнайтбасовтың журналистерге хабарлауынша, тергеу сот-медициналық сараптама қорытындысын әлі алмаған.

Оның айтуына қарағанда, Қылмыстық-процессуалдық кодекс бойынша, қылмыстық іс қозғау туралы шешім кісі өлімінен кейін үш немесе 10 күннен соң қабылдануы тиіс.

"Осы уақыт аралығында шешім қабылданбаса, прокурор рұқсатымен тергеу бір айға созылады. Сараптама қорытындысы әлі түскен жоқ. Тергеу әділетті жүргізілуі үшін Ыстықкөл ауданының прокуратурасы тергеу мерзімін бір айға ұзартты", - деді Мұнайтбасов.

Тергеушінің айтуынша, куәгерлерден Егізбаев өлімі туралы куәлік түспегендіктен қылмыстық іс қозғалмаған. Бірақ журналист демалған пансионат қауіпсіздік шараларын қолданбағаны айтылды.

28 жастағы Уланбек Егізбаев 22 шілде күні отбасымен Ыстықкөлдегі пансионатта демалып жатқан кезде қаза тапқан. Ресми мәлімет бойынша, ол суға батып кеткен.

Уланбек Егізбаев 2016 жылы "Арман" ("Мечта") ролигі үшін Webby Awards сыйлығын иеленген. Осыдан тура бір ай бұрын Уланбек Егізбаев "Алтын қалам" сыйлығымен марапатталған еді.

Уланбек Егізбаев Қырғызстандағы шенеуніктер арасындағы жемқорлық оқиғаларын зерттеумен де айналысты, оның материалдары Азаттықтың "Ыңғайсыз сұрақтар" бағдарламасында талқыланды. Журналист әзірлеген арнайы репортаждар Қырғызстан қоғамында талқылауларға ұласқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG