Accessibility links

АҚШ сенаторлары Ресейге қарсы санкцияны күшейтпек


АҚШ конгресі ғимараты (Көрнекі сурет).

Америкалық сенаторлар Мәскеудің АҚШ-тағы сайлауға киліккеніне, Қырым түбегін аннексиялап алғанына және Сириядағы саясатына жауап ретінде Ресейге жаңа санкция салу жөнінде заң жобасын таныстырды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, құжатта ресейлік бірқатар саясаткер мен олигархқа қарсы шектеу шараларын енгізу қарастырылған. Сонымен қатар, Ресей экономикасының энергетика мен қаржы секторы және мемлекеттік қарызына қатысты да санкция салынбақ.

Заң жобасын дайындаушылар санкция Ресей президенті "кибершабуылдардан бас тартып, Украинадан әскерін шығармайынша және Сирияда бей-берекетсіздік тудыру әрекетінен бас тартпайынша" күшейетіле беретінін айтады. Кремль АҚШ-тың жаңа шараларына қатысты әзірге комментарий білдірмеді.

Шілденің соңында америкалық сенатор Боб Коркер Ресейге қарсы жаңа санкцияны қарашаға дейін, нақты айтқанда АҚШ конгресіне өтетін аралық сайлауға дейін салынатынына уәде берген. АҚШ ішкі қауіпсіздік министрі Кристофер Кребс мұның алдында Вашингтон Мәскеу сайлау процесіне тағы да килігеді деп қауіптеніп отырғанын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Мәскеуде Ислам Каримовке ескерткіш орнатты
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:31 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG