Accessibility links

Ұлттық банк: Теңге бағамына "әлемдік трендтер" әсер етіп отыр


Қазақстан Ұлттық банкінің Алматыдағы бас кеңсесі.

Қазақстан Ұлттық банкі теңгенің айырбас бағамын еркін айналымға жіберу өзін ақтады, ал ұлттық валюта бағамының төмендеуі әлемдік трендтердің ықпалынан болып отыр деп біледі. Бұл жайында ұлттық банктің 3 тамыз күні таратқан мәлімдемесінде айтылады.

"Соңғы уақытта АҚШ Федералдық қор жүйесі монетарлық саясатын қатаңдатып, инвестиция сыртқа кете бастаған соң көптеген дамушы елдердің ұлттық валюталары құнсыздана бастады. Бұл жағдай Қазақстанға да тән" делінген ұлттық банк мәлімдемесінде.

Ұлттық банк сонымен бірге, "нарықтағы баға мен экономикалық өсімнің жоғарылауы басқа да факторлардың кері әсерін жеңілдеткенін" айтады. Осының себебінен теңгенің долларға шаққандағы бағамы "салыстырмалы түрде арзандаған".

Ұлттық банк мәлімдеуінше, АҚШ Федералдық қор жүйесінің мөлшерлемесі артқан тұста көп инвестор дамушы елдердің нарығына ақша салғаннан гөрі АҚШ-тың қазынашылық облигацияларын иеленгісі келеді. "Қазақстан әлемдік қор нарықтарына қосылғандықтан әлемдік трендтер жергілікті нарықтағы жағдайға әсер етпей қоймайды" делінген мәлімдемеде.

Сауда балансында резиденттердің экспорттық табысы артқанына қарамастан, Қазақстанның қазіргі төлем балансы шетелдік инвесторлар қаржысын шығарып әкеткен соң нашарлаған. Ұлттық банк есебінше, 2017 жылы резидент еместерге төленген табыс төлемі 19 миллиард долларды құраған.

Оқи отырыңыз: Назарбаев: Теңгенің құбылуы халықтың әл-ауқатына әсер етпейді

Астана ұлттық валютаның айырбас бағамын 2015 жылы тамызда еркін айналымға жіберген. Ұлттық банк бұл саясат экономикада дисбаланс туындауына жол бермей, отандық өндірушілерді бәсекеге қабілетті қылады, экономиканы "долларсыздандырады" дейді.

Қазақстан қор биржасында (KASE) 3 тамыз күні таңертеңгі сауда сессиясында доллардың орташа бағамы 349 теңге 81 тиын болды. Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 349 теңге 50 тиын мен 351 теңге 50 тиын аралығында сатылып жатыр.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG