Accessibility links

Пәкістанда бір мезетте бірнеше мектеп өртенді


Лахорда мектептен қайтып келе жатқан оқушылар, Пәкістан (Көрнекі сурет).

Пәкістан полициясы елдің солтүстігінде бір уақытта 12 мектеп өртенгенін хабарлады. Оқиға Гилгит-Балтистан аймағының Диамер ауданында 3 тамыз күні таңертең болған. Полиция мектепті әлдекімдер қасақана өртеген деп күдіктенеді.

Мектептер өртенген уақытта жабық тұрғандықтан қастық оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Өртенген мектептердің тең жартысында тек қыздар оқитын. Шабуылды әзірге ешкім мойнына алған жоқ. Бұған дейінгі осыған ұқсас оқиғаларды билік содырлардан көрген.

Өрттен соң тұрғындар наразылық танытып, биліктен қастандыққа жауаптыларды табуды және мектептер қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті. Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Гилгит-Балтистан - Пәкістанның Ауғанстан, Қытай және Гималай тауындағы даулы Кашмир аймағымен шектесетін алыс таулы өңірі саналады.

Пәкістан білім беру саласында үлкен қиындықтарға тап болып отыр. Human Rights Watch (HRW) ұйымының мәліметінше, бұл елде шамамен 25 миллион бала мектепке бармайды. HRW 2017 жылғы есебінде Пәкістанда содырлар мектептерді қиратып, мұғалімдер мен оқушыларға шабуылдайтынын, ата-аналарға балаларын мектепке бермеу үшін доқ көрсететінін айтқан.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG