Accessibility links

Шымкентте автобус апатынан бір адам қаза болды


Шымкент көшелерінің бірінде тұрған патрульдік полицей. Көрнекі сурет
Шымкент көшелерінің бірінде тұрған патрульдік полицей. Көрнекі сурет

3 тамызда Шымкенттегі Т.Рысқұлов көшесінде 110-бағытпен жүретін «Шаолин СЛЖ» маркалы автобус пен «Мерседес-Бенц 220» маркалы автокөлік соғысып қалды. Апат кезінде бір адам қайтыс болып, бірнеше адам жараланды. Бұл туралы Азаттыққа Түркістан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Автобуста отырған 1952 жылғы бір жолаушы қаза тапты. Түрлі жарақат түскен қоғамдық көлік пен автокөлік жүргізушілері мен жолаушылары Шымкент қалалық ауруханасына жеткізілген. Олардың ішінде балалар да бар.

Полицияның мәліметіне сәйкес, көлік апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша («Көлік құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару») іс қозғалып, бірнеше сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG