Accessibility links

Путин қосымша құн салығын өсіру жайлы заңға қол қойды


Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин қосымша құн салығын (орысша қысқартылған атауы - НДС)18 пайыздан 20 пайызға дейін көтеру туралы заңға қол қойды деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі. Бұл туралы құжат ресейлік құқықтық ақпарат ресми порталында жарияланған. Заң 2019 жылы қаңтардың 1-інен бастап күшіне енеді.


НДС – тұтынушының тауар, жұмыс немесе қызмет үшін сатушыға төлейтін жанама салық түрі. Яғни, салық көтерілген соң баға да қымбаттауы ықтимал. Ресейде үкімет бастамасымен жүзеге асырылмақ зейнетақы реформасы тәрізді, НДС көлемін ұлғайту туралы заң да жаппай наразылыққа себеп болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG