Accessibility links

Ресейде тікұшақ апатынан 18 адам қаза болды


Ми-8 тікұшағы. (Көрнекі сурет.)
Ми-8 тікұшағы. (Көрнекі сурет.)

Ресейдің Красноярск өлкесінде Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, 18 адам мерт болды. Utair компаниясына қарасты тікұшақ мұнай кенішіне жұмысшылар апаруға ұшып шыққан кезде құлаған.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, тікұшақ қалақтары өзінен бұрын әуеге көтерілген басқа тікүшақтың жүгіне тиген. Екінші Ми-8 тікұшағы жүкті әуеден тастап, жерге қонуға мәжбүр болған, оның экипаж мүшелері зардап шекпеген.

Болжам бойынша, екі тікұшақ диспетчердің қызметін пайдаланбай ұшып шыққан. Тікұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG