Accessibility links

Сот 18 жастағы британдық қызға өмірлік түрме жазасын кесті


Ұлыбритания астанасындағы Биг-Бен, парламент үйі мен Вестминстер көпірі. (Көрнекі сурет.)
Ұлыбритания астанасындағы Биг-Бен, парламент үйі мен Вестминстер көпірі. (Көрнекі сурет.)

Британ соты Лондон тұрғыны Сафаа Буларды терактілер дайындағаны үшін айыпты деп танып, 18 жастағы бойжеткенге өмірлік түрме жазасын кескен. Сафаа Булар – Ұлыбританияда терроризм айыбымен сотталған ең жас әйел. Алқабилер соты оны "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымымен байланыста болғаны және Лондонда екі террорлық шабуылға дайындалғаны үшін айыпты деп таныған.

Тергеу болжамы бойынша, Булар анасы және әпкесімен бірге терактілер жасауды жоспарлаған. Биыл маусымда британ соты Сафаа Булардың 22 жастағы әпкесі Ризлейн Буларға өмірлік түрме жазасын кескен, қыздардың анасы 44 жастағы Мина Дич алты жыл тоғыз айға бас бостандығынан айрылған. Екеуі де терактілер жасауға дайындалғанын мойындаған.


ВВС-дің хабарлауынша, Сафаа Булар терроршылармен 2015 жылы Парижде 130 адамның қазасына себеп болған терактілерден кейін байланыс орнатқан. Кейін "Ислам мемлекеті" террорлық тобының мүшесімен Instagram әлеуметтік желісі арқылы некесін қиған. Жас қыз Сирияға барып өз-өзін жармақшы болған. Бірақ британ билігі оны әуежайда оны ұстап, шетелдік паспортын алып қойған. Бұдан кейін Сафаа Булар Лондонда терактілер жасауды жоспарлағаны туралы оның хат-хабарларынан мәлім болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG