Accessibility links

АҚШ федералық соты 700 мың мигрант жасты қолдады


DACA бағдарламасын қолдау акциясына қатысушылар. Лос-Анджелес, АҚШ, 1 қыркүйек 2017 жыл.
DACA бағдарламасын қолдау акциясына қатысушылар. Лос-Анджелес, АҚШ, 1 қыркүйек 2017 жыл.

Вашингтондық федералдық судья Джон Бейтс АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі елге бала кезінде заңсыз әкелінген иммигрант жастарды депортациялаудан қорғайтын бағдарламаны қайта қалпына келтіруі керек деген қаулы қабылдады. Сонымен бірге судья мемлекет иммигрант балаларға арналған бағдарлама (DACA) бойынша жаңа өтініштер қабылдауы керек деген қаулы шығарды.

Cудья Бейтс өзі шығарған қаулыға үкіметтің шағым түсіруіне тамыздың 23-іне дейін мұрсат берген.


Биыл сәуір айында судья Бейтс үкіметке DACA бағдарламасын жабуды сұраған үкіметке ондай шешім қабылдау қажеттігіне тиісті дәйектер келтіруге 90 күн уақыт берген болатын. Тамыздың 3-і күні судья үкіметтің ұсынған дәйектері өз ұстанымын өзгерте алмағанын ресми түрде білдірген.

Бұған дейін Нью-Йорк пен Калифорния федералдық соттары DACA бағдарламасы аясында елде қалуға рұқсатты ұзарту күшінде қалуы тиіс деген қаулы шығарған. Бірақ бұл судьялар үкіметтен жаңа өтініштерді қабылдауды қалпына келтіруді талап етпеген еді.

Бағдарлама аясында шамамен 700 мың жас иммигрантқа (оларды кейде "арманшылдар" деп атайды) жұмыс істеуге және оқуға уақытша рұқсат беріледі. Бұлардың көбі өмір бойы тек АҚШ-та тұрған және басқа елді білмейді. Олар салық төлеп, бизнес жүргізетін, шаңырақ көтеріп, оқу орындарын бітіретіндер мен армияда қызмет атқарып жүрген жас адамдар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG