Accessibility links

Ресей президенті кино көрсетуді шектейтін заңға қол қойды


Владимир Путин Оливер Стоунның фильмінде.
Владимир Путин Оливер Стоунның фильмінде.

Ресей президенті Владимир Путин прокат куәлігі берілмеген фильмдерді кинофестивальдарда көрсету шарттарын қатаңдататын заңға қол қойды. Бұл туралы ақпарат Кремльдің сайтында жарияланды.

Шілденің соңында Мемлекеттік дума кинофестивальдар өткізу тәртібіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қабылдап, көз ұзамай оны Федерация кеңесі мақұлдаған.


Заңда халықаралық кинофестивальдің анықтамасы берілген: оның жюриі болуы тиіс, конкурстық бағдарламасы он күннен аспауы керек, ал байқауға түсірілгеніне бір жылдан аспайтын туындылар қатыса алады. Ресейде өтетін халықаралық кинофестивальдар тізімін жыл сайын Мәдениет министрлігі бекітеді. Жаңа заңда, мысалы, кинофестивальға прокат куәлігі берілмеген фильм тек екі реттен артық көрсетілмейтін болса ғана қатыса алады деп жазылған.

Тамыздың 1-і күні кинотеатрлар желілері жетекшілері мен кинофестивальдар ұйымдастырушылары президент Путинге хат жолдап, "игілікті бастама" деп отырған заң жобасы іс жүзінде кино өндірісінің мәдени, ағартушылық және білім жұмыстарына зиян тигізеді деп жазған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG