Accessibility links

Ауғанстанда НАТО-ның үш сарбазы қаза тапқан


Ауғанстандағы НАТО әскерилері. (Көрнекі сурет.)
Ауғанстандағы НАТО әскерилері. (Көрнекі сурет.)

Ауғанстандағы НАТО миссиясы құрамында қызмет атқарып жүрген чехиялық үш әскери елдің шығысында жанкешті жасаған шабуылдан қаза тапқан. Бұл туралы Чехия армиясының өкілі хабарлаған. Шабуылдан америкалық әскери қызметкер мен ауған армиясының екі сарбазы жараланған. Баспасөз құралдары жарылысқа "Талибан" радикалдық қозғалысы мүшелерінің қатысы бар деген мәлімет келтірген.

НАТО Ауғанстандағы арнайы әскери операциясын 2014 жылы аяқтаған. Әскери мақсатты көздемейтін "Батыл қолдау" миссиясы 2015 жылғы қаңтардың 1-інде басталған. Шілде айында Брюссельде өткен НАТО саммитінде Ауғанстандағы миссияны 2024 жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылданған.


НАТО әскерінің негізгі контингенті Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін бұл елде ішкі жанжал шиеленісіп кеткен болатын. "Талибан" исламшыл радикалды қозғалысының өкілдері Ауғанстанның үкімет әскері мен шетелдік әскерилерге қарсы терактілер мен шабуылдарды тұрақты жасап отырады. Пентагон Ресей билігі "Ислам мемлекеті" террорлық тобының Ауғанстандағы бөлімшесіне қарсы күресте жәрдем жасау деген желеумен "Талибанға" қолдау көрсетеді деп бірнеше рет мәлімдеген.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров мұндай айыптауларды негізсіз деп атаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG