Accessibility links

Трамп: Ресей, Қытай мен Солтүстік Корея АҚШ істеріне араласады


АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

Ресей, Қытай және, мүмкін, Солтүстік Корея АҚШ-тың істеріне араласып отыр. Бұл туралы Огайо штатында сөйлеген кезде АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді деп хабарлады NBC телеарнасы. Трамптың сөзінше, АҚШ-тағы экономикалық өсімдерге байланысты ондай іс-әрекеттер көбейе түсуі мүмкін. "Біз ісімізге араласуды және бізге шабуыл жасаушылардың барлығын тоқтатуымыз керек", - деген АҚШ президенті.

NBC телеарнасы Трамптың мәлімдемесі оның бұған дейінгі сөздеріне қайшы шығып отырғанын атап өткен. Мысалы, бірнеше күн бұрын Ақ үй басшысы Ресей 2016 жылғы АҚШ президенті сайлауына араласқан деген ақпаратты жалған деп атаған.

АҚШ-та президент сайлауына Ресейдің ықтимал араласуына қатысты тергеу жалғасып жатыр. Тамыздың 2-і күні АҚШ Ұлттық барлауының басшысы Дэниель Коутс Ресейдің АҚШ-тың ішкі шаруасына билік өкілдері, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы ықпал еткені туралы мәлімдеген. Ол ресейлік ықпалдың жалғасып жатқанын және де ол қарашада өтетін Конгресс сайлауы алдында АҚШ-ты "әлсірету" мақсатын көздейтінін айтқан.

Тамыздың 1-і күні президент Трамп АҚШ бас прокуроры Джефф Сешнстен Ресейдің араласуы туралы істі дереу тоқтатуды талап еткен. Ол бұл тергеуді "мыстан аулау" деп бұған дейін айтқан сөзін тағы қайталап, тергеуге жауапты арнайы прокурор Роберт Мюллерді "АҚШ-тың масқарасы" деп атаған.

Мәскеу шетелдердегі сайлауларға араласады деген барлы айыптауларды жоққа шығарып келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG