Accessibility links

Ресей АҚШ тауарларына жаңа баж салығын енгізді


Америкалық жол құрылысын жүргізетін техникалар (Көрнекі сурет).
Америкалық жол құрылысын жүргізетін техникалар (Көрнекі сурет).

Ресей 5 тамыздан бастап АҚШ-тан импортталатын бірқатар тауарға салынатын баж салығының жаңа тарифін белгіледі. Мәскеу мұны АҚШ-тың бұған дейін болат пен алюминийге баж салығын салуына жауап ретінде қабылдап отыр.

Енді америкалық жүк тасымалына арналған көлік түрлері, құрылыс техникасы, мұнай және газ құрал-жабдықтары, металл өңдеу құралдары және басқа да тауарларға кедендік баж салығы өсті.​

АҚШ-қа салынатын сауда шектеулерінен ресейлік экспортерлер 540 миллион доллар шығынға ұшырайды деп болжанып отыр. Ресейдің қосымша салықтары әзірге жылына 88 миллион долларды құрайды. ​Ресейдің экономикалық даму министрі Максим Орешкин Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) ережелері бойынша, Ресей жылына 88 миллион доллар көлемінде ғана баж салығын енгізуге құқылы. Қалған 450 миллион долларға салық үш жылдан соң немесе ДСҰ шешімімен енгізіледі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG