Accessibility links

Өзбекстан ІІМ күзет қызметінің басшысын өлтіріп кетті


Дилшод Акрамов, Өзбекстан Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіп және күзет қызметінің басшысы.
Дилшод Акрамов, Өзбекстан Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіп және күзет қызметінің басшысы.

Ташкентте Өзбекстан Ішкі істер министрлігі (ІІМ) қоғамдық тәртіп және күзет қызметінің басшысы Дилшод Акрамовты өлтіріп кетті. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Ақпараттарға қарағанда, белгісіз біреу Акрамовтың кеңсесіне кіріп, оны пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен. Милиция Акрамовқа шабуылдаған кісі оның танысы болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Ташкент прокуратурасы "айуандықпен қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ташкент қалалық ішкі істер департаменті істің Бас прокуратураға тапсырылғанын хабарлады. Бұдан басқа ресми органдардан кісі өлімі туралы ешқандай мәлімет таратылмады.

Акрамов шілде айының басында министрліктің қоғамдық тәртіп және күзет қызметінің басшысы болып тағайындалған. Ол бұған дейін Ташкент қаласы ішкі істер департаменті құқық бұзушылықтың алдын алу басқармасын басқарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG