АҚШ президенті әкімшілігі Ресей, Қытай, Иран және Солтүстік Кореямен байланысы бар және стратегиялық маңызды инфрақұрылымдарға қауіп төндіретін хакерлерге қарсы барынша тиімді қарсы тұрудың қосымша шараларын дайындады деп хабарлады америкалық Wall Street Journal (WSJ) басылымы.
WSJ дереккөзінің сөзінше, Мемлекеттік департамент, Пентагон мен Қаржы министрлігінің ,9kfqif батыл қимылдауына ресейлік хакерлердің америкалық энергетикалық компаниялардың компьютерлік жүйелерін бұзуы себеп болған. Дереккөздер бұл шабуылдың артында Ресеймен байланысы бар Energetic Bear тобы тұр деп санайды. Кремль хакерлерді қолдайтынын жоққа шығарады. Маусым айында президент кеңесшілері жағдайды өте қауіпті деп бағалап, билікті хакерлік шабуылдан елдің бүкіл энергетикалық жүйесінің күйреуі ықтималдығына дайын болуға шақырған.
Қарсы шаралар шабуыл жасалған елдің инфрақұрылымын емес, хакерлердің өздерін тікелей нысанаға алады. WSJ дереккөзінің мәліметінше, кибершабуылдарға күдікті хакерлерді іздеу және ұстауда басқа елдермен өзара жұмыс істесу, оларды Интерпол желісі арқылы ұстау жолдарын кеңінен қолдану, активтерін бұғаттау және жеке-жеке санкция салу шаралары ұсынылып отыр.
Шенеуніктер бұл шараларға АҚШ президенті Дональд Трамптың келісер-келіспесін білмейді.
АҚШ бұған дейін Ресей Бас барлау басқармасының күдікті 12 хакеріне сырттай айып таққан. Тергеу органдары оларды АҚШ-тағы сайлауға килігуге қатысы бар деп санайды. Кремль хакерлерді қолдағанын терістейді.
ПІКІРЛЕР