Accessibility links

Сауд Арабиясы Канададағы елшісін шақыртып алды


Самар Бадави, Сауд Арабиясының белсендісі.
Самар Бадави, Сауд Арабиясының белсендісі.

Сауд Арабиясы Канададағы елшісін шақыртып алып, Эр-Риядтағы Канада елшісін персона нон-грата деп жариялады. Канада елшісі бір тәулікте ел аумағынан шығып кетуі тиіс. Корольдік сонымен қатар Канадамен барлық сауда және инвестициялық транзакцияларын тоқтатады.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі мұндай шешімді "Канаданың халықаралық нормаларға қайшы түрде елдің ішкі ісіне ашықтан-ашық киліккеніне жауап" ретінде қабылдағанын хабарлады.

Өткен аптада Канада Сыртқы істер министрлігі Эр-Риядты азаматтық белсенді және әйелдер құқығы үшін күресушілерді тұтқындағаны үшін сынап, олардың босатылуын талап еткен. Ұсталғандар арасында "Сауд Арабиясының либералдары" сайтын құрушы Раиф Бадавидің әпкесі, құқық қорғаушы Самар Бадави бар. Раиф Бадави исламды сынағаны үшін 10 жылға сотталған.

Бадавидің әйелі Канададан саяси баспана алып, таяуда ғана осы ел азаматтығын иеленген. Оттава Эр-Риядтан белсендіні Сауд Арабиясының азаматтығынан шығарып, Канадаға депортациялауды сұраған. АҚШ, Еуропа Одағы мен құқық қорғау ұйымдары да Сауд Арабиясының билігінен белсендіге рақымшылық жасауды сұраған. Корольдік мұндай үндеулер мен өтініштерді елдің ішкі ісіне килігу деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG