Accessibility links

АҚШ-тың Иранға қарсы санкциясы 7 тамызда күшіне енеді


АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен жасалған ядролық келісімнен шығу жөніндегі құжатқа қол қойып отыр. Вашингтон, 8 мамыр 2018 жыл.

7 тамызда АҚШ-тың Иранға салған жаңа санкциясы күшіне енеді. АҚШ санкцияларының алғашқы кезеңінде Иранға қатысты қаржы транзакциялары тоқтатылады. Санкцияның екінші кезеңі 2018 жылы қарашада күшіне енбек және ол кезде мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарға шектеу қойылады. Франция, Германия мен Ұлыбритания сыртқы істер министрлері және Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы істер жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини Вашингтонның Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келісімнен шығуына байланысты өкініш білдірді.

Франция, Германия, Ұлыбритания, Ресей және Қытай Иранмен 2015 жылы АҚШ президенті Барак Обама тұсында ядролық келісім жасасқан. Келісім Тегеранның ядролық бағдарламасын тоқтатып, есесіне Иранға салынған халықаралық санкцияларды жоюы тиіс болған. Билікке келген АҚШ президенті Дональд Трамп биыл мамыр айында Вашингтонды келісімнен шығарған.

Федерика Могеринидің сөзінше, ЕО мен Иран арасында сауда қарым-қатынасын сақтап қалу қиын болмақ. Еуропаның инвестициялық банкі енді Ирандағы еуропалық компаниялардың жобаларын қолдаудан бас тартып отыр.

Еуропа елдері компанияларының көбі акцияларының бір бөлігі АҚШ-қа немесе америкалықтарға тиесілі болғандықтан Иран нарығынан кетіп жатыр.

ЕО елдері мен Иран арасындағы сауда-саттық көлемі айтарлықтай көп емес. 2017 жылы сауда-саттық көлемі 20 миллиард еуроны (23,1 миллиард доллар) құраған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

"Негативті емес, позитивті түсіріңдер"
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:41 0:00
XS
SM
MD
LG