Accessibility links

Шымкентте "кафедегі жаппай улану" дерегі бойынша іс қозғалды


Көрнекі сурет.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында орналасқан дәмханалардың бірінде уланып, ауруханаға түскен 11 адамның оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Азаттыққа Түркістан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент дерегінше, 6 тамызға қараған түні Әл-Фараби ауданындағы дәмханалардың бірінен тамақтанған 11 адам уланып, Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. "Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің "Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр" делінген хабарламада.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG