Accessibility links

Навальный партиясын тіркеуге тағы да талпынып көрмек


Алексей Навальный, ресейлік оппозицияшыл саясаткер.
Алексей Навальный, ресейлік оппозицияшыл саясаткер.

Ресейде оппозицияшыл саясаткер Алексей Навальныйдың жақтастары Әділет министрлігіне "Россия будущего" партиясын тіркеуге құжаттарын қайта тапсырды.

Әділет министрлігі шілденің ортасында партия жарғысының кейбір тұстары "Саяси партиялар туралы" федералдық заңға қайшы келеді деп, бұл партияны тіркеуден бас тартқан еді.

Алексей Навальный партиясын 2012 жылдан бері тіркетуге талпынып келеді. Бірақ әділет министрлігі тіркеуден үнемі бас тартады. Навальный билік партияны "әрқилы сылтаумен" әдейі тіркемей отыр деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG