Accessibility links

Беларусьте TUT.BY порталының бас редакторы ұсталды


Тінту жүргізіліп жатқан TUT.BY порталының кеңсесі алдында тұрған милиция қызметкерлері. Минск, 7 тамыз 2018 жыл.
Тінту жүргізіліп жатқан TUT.BY порталының кеңсесі алдында тұрған милиция қызметкерлері. Минск, 7 тамыз 2018 жыл.

Беларусьтегі ірі тәуелсіз TUT.BY интернет порталының бас редакторы Марина Золотова, редактор Анна Калтыгина мен БелаПАН агенттігінің журналисі Татьяна Коровенков тұтқындалды. Беларусь Тергеу комитетінің хабарлауынша, олар Беларусьтің мемлекеттік БелТА ақпарат агенттігі сайтына заңсыз кірді деген күдікке ілінген.

Ұсталған журналистермен байланыс үзілген. Олардың үйлерінде тінту жүргізіліп жатыр.

Журналистерге қарсы қылмыстық іс қозғауға БелТА агенттігіндегі ақылы жазылуға рұқсат беру қызметі бұзылғаны туралы хабарлама себеп болған. Тергеу комитетінің ақпараты бойынша, 2015-2017 жылдары әлдекімдер "республикалық дербес мекеменің келісімінсіз" мекеменің компьютерлік жүйесінде сақталған ақпараттарға 15 мыңнан астам мәрте рұқсатсыз қосылған.

TUT.BY порталы кеңсесінде тінту жүргізіліп жатқанын хабарлады. БАҚ мәліметінше, БелаПАн кеңсесінде де тінту жүргізіліп жатыр.

TUT.BY сайты 2000 жылы қазанда ашылған. Сайт айына 100 миллионнан астам рет көріледі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG