Accessibility links

Тәжікстанда интернетке кіру қиындады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Тәжікстанда қолданушылар интернет жылдамдығының үшінші күн қатарынан төмендеп, кейбір сайттарға кіру қиындағанына шағымданып жатыр. Елде Азаттықтың Тәжік редакциясының, "Азия-Плюс" агенттігінің сайттарына және әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге кіру қиындаған.

"Instagram-ға кірейін десем, ұзақ айналып тұрып алады. Басында менде ғана осындай жағдай шығар деп ойлағанмын. Бірақ бүгін таныстарым да осыған ұқсас проблемаға тап болды" дейді Душанбе тұрғыны, Tojnet провайдерінің абоненті Камол Иброхимов.

Тәжікстанның байланыс қызметі бұл жағдайға түсінік беріп, интернет желісіне қатысты мәселе "профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатқандықтан туындағанын" мәлімдеді.

Мәліметтерді тарату республикалық желісінің өкілі Тохир Екубов "қазір байланыс желісін бейімдеу үшін профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын" түсіндірді. Оның сөзінше, бұл шара әлі бірнеше күн жалғасады және ол кездеТәжікстандағы қолданушылардың интернетке кіруі қиындайды.

Екубов провайдерлерге уақытша қиындықтар туралы ескертілгенін айтады.


Тәжікстандағы провайдерлердің өзі интернетке қосылуда проблема туындағанын растап, Азаттықтың Тәжік редакциясына Мәліметтерді тарату республикалық желісінің әрекеті өздеріне шығын келтіріп отырғанын айтып шағымданды.

Мәліметтерді тарату республикалық желісі мемлекеттік телекоммуникация операторы - "Тоджиктелеком" компаниясына тиесілі және Tojnet сауда белгісімен жұмыс істейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG