Accessibility links

Министрлік: Мектепке жақын діни ғимараттар бұзылмайды


Қазақстандағы мешіттердің бірі (Көрнекі сурет).
Қазақстандағы мешіттердің бірі (Көрнекі сурет).

Қоғамдық даму министрлігі Қазақстанда мектептерге жақын орналасқан діни ғимараттардың бұзылмайтынын мәлімдеді. Бұған дейін жергілікті БАҚ-та “мектептен 300 метрге дейінгі қашықта орналасқан мешіттердің бұзылуы мүмкін екені” туралы ақпарат шыққан еді. Қоғамдық даму министрлігі тамыздың 7-сі күні Азаттыққа бұл мәселеге қатысты қоғамда “түсініспеушілік туындағанын” хабарлады.

Азаттыққа берген ресми жауабында министрлік жұмыс істеп тұрған діни ғимараттарды сүру туралы талаптардың заңда көрсетілмегенін айтып, олардың бұзылмайтынын меңзеген.

Әйткенмен, министрлік 2017 жылы 9 маусымда дін істері және азаматтық қоғам министрінің бұйрығымен қабылданған нұсқаулықтың 7-ші пунктіне сілтеме жасайды. Оған сәйкес, "діни шараларды өткізуге арналған ғимарат білім мекемелерінен (діни білім беру мекемелерін айтпағанда) кемінде 300 метр қашықтықта орналасады".

“Ал мешіттер немесе басқа діни бірлестіктерге тиесілі діни ғимараттарға жоғарыдағы талаптар қойылмайды. Бұл жағдай басқа нормалармен реттеледі” делінген министрлік жауабында.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG