Accessibility links

Ермекбаев қорғаныс министрі болып тағайындалды


Нұрлан Ермекбаев
Нұрлан Ермекбаев

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен Нұрлан Ермекбаев елдің қорғаныс министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ермекбаев 2016-2018 жылдары дін істері және азаматтық қоғам министрі болған. 2018 жылдың сәуірінен осы уақытқа дейін Қазақстан президентінің көмекшісі, елдің Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болған.

Бұрынғы қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов Астанадағы Қазақстанның тұңғыш президенті атындағы ұлттық қорғаныс университетінің басшысы болып тағайындалды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG